Режим карантина
Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 339-87-87 (вн.1020) call centre +7(727) 339-74-31

АО "КазМУНО"

Режим карантина

Распоряжение №17
Приказ №63
Распоряжение №20
Приказ №73
Письмо от МЗ РК по резидентам (каз)
Письмо от МЗ РК по резидентам (рус)
Приказ о переходе на дистанционное обучение


Дана О 001.jpg

Құрметті әріптестер!

2020 жылдың 19 наурызынан бастап Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша карантин режимі күшіне енді!

Қалыптасқан жағдайға байланысты Сізден тыныштықты сақтауды, карантин режимінде жеке және қоғамдық гигиенада көзделген ережелерді сақтауды сұраймын!

Карантин кезеңінде «ҚазМҮББУ» АҚ жұмыс істеуін және білім беру қызметін ұйымдастыруды ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырыды:

·     «ҚазМҮББУ білім алушылары мен қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 11 наурыздағы № 17-р өкімі;

·     «Қашықтықтан оқыту туралы» 2020 жылғы 13 наурыздағы №63-ОД бұйрығы;

·     «Карантин кезеңінде ҚОТ (қашықтықтан оқыту технологиясын) пайдалана отырып оқу процесіне мониторинг жүргізу туралы» 2020 жылғы 17 наурыздағы № 20 өкімі;

·     «ҚазМҮББУ» акционерлік қоғамында КВИ таратуға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 18 наурыздағы № 73-ОД бұйрығы;

 

Барлық ішкі нормативтік құжаттар университет сайтында орналастырылған.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап бакалавриат, интернатура, магистратура және докторантурада білім беру процесі қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Осы деңгейлерде білім беру үдерісін жүзеге асыратын профессорлық-оқытушылар құрамы қашықтықта үй жағдайында жұмыс істейді.

Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 14-01-14/1584–и хатына сәйкес, дәрігер-резиденттерді қашықтықтан оқыту қарастырылмаған. Уақыттың 90%-ы дәрігер-резиденттер пациенттермен стационар жағдайында клиникалық тәлімгердің бақылауымен, клиникалық базалардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуі тиіс.

 

Құрметті әріптестер, білім алушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуді сұраймын!

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Құрметпен,

Ректор-Басқарма Төрағасы м.а.

Профессор Досқожева С.Т.