Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн.1065)

АО "КазМУНО"

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шымкент қаласының 2200 жыл және
Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойын атап өту аясында
«ШЫМКЕНТ – ӨНДІРІС МЕКЕНІ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫ МЕГАПОЛИС»
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Күні: 2020 жыл 21 ақпан
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

2020 жылы 21 ақпан күні, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедраның ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО-ның 2019 жылы 12-27 қарашадағы өткен Францияда Париж қаласындағы 40-шы Бас конференциясында 2020 жылы Шымкенттің 2200 жылдығын атап өту, Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарарына сәйкес,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақалаларын іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай «ШЫМКЕНТ – ӨНДІРІС МЕКЕНІ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫ МЕГАПОЛИС» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері: 2200 жылдық тарихы бар Қазақстанның көне қаласы – Шымкенттің алғашқы пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы жасалған ғылыми-зерттеулерді ұсыну; қазіргі таңдағы Шымкент мегаполисінің ХХІ ғасырдағы өнеркәсібі, инфрақұрылымы, туристік кластерлердің дамуын талдау; Қазақстан және Еуразияның мәдени-тарихи мұрасындағы Әбу-Насыр әл-Фараби: рухани мұрасы және ғылымға қосқан үлесін насихаттау; ХХІ ғ. жаңғыру кезеңіндегі этносаралық келісім; ІІІ-ші мегаполистің қайырымды істері: әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірдегі қайырымды қала жастарының қоғамның қозғаушы күшіне айналуы; рухани дамығын және ерікті жастарды дамытудың маңыздылығы жөніндегі халықаралық тәжірибелерді тұжырымдау.
      Конференция келесі тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Шымкент – 2200 жыл: тарихы, заманауи дамуы (өнеркәсіп, инфрақұрылым, туристік кластерлер);
2.  Әбу-Насыр әл-Фараби: рухани мұрасы және ғылымға қосқан үлесі;
3. Этносаралық келісім: ІІІ Мегаполистің қайырымды істері және әлеуметтік жобалар.
Конференция жұмысына қатысуға алыс және шет елдер мен отандық ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарының өкілдері шақырылады.
Конференцияға келіп немесе сырттай қатысуға болады. Жол ақысы мен орналасу шығындары - конференция қатысушыларының есебінен.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНДА (БҒСБК) ЖАРИЯЛАНАДЫ. Жариялау құны - 18000 (он сегіз мың) теңге.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Бірлескен авторлық ұжым – 3-5 адамға дейін. Төлемақыны мақаланы өткізер кезде қолма-қол ақшамен немесе банк арқылы төлеуге болады.
Банк реквизиттері: Ұйымдастыру жарнасын материалдық жауапты Утеева Камшат Құрманбайқызына аудару қажет. Каспи Голд:  5169 4971 1362 4849. Өтетін орны: Тәуке хан даңғылы №5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 3 қабат, акт залы.
Ғылыми-көпшілік және ғылыми жетістіктер көрмесі: бас ғимараттың 3-қабаты, фойе.
900-1000сағ. Тіркеу:
1000-1030сағ. Конференцияның ашылуы;
1030- 1300сағ. Пленарлық мәжіліс;
1300- 1430сағ. Түскі үзіліс;
1430- 1700 сағ. Секциялық отырыстар;
1700- 1800сағ. Конференцияның жабылуы.
Барлық сұрақтар бойынша:
1. Конференцияға қатысуға өтініштерді қабылдау - М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы  меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Есеналиев Асқат Ералыұлы Askat_01.31@mail.ru тел: 8-701-553-95-73.
2. Конференцияға қатысуға өтініштерді қабылдау және жинақта жариялану бойынша - М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының аға оқытушысы Утеева Камшат Құрманбайқызы uteeva1985@mail.ru тел: 8-702-926-85-96. хабарласуларыңызға болады.
Мақалалар 2020 жылдың наурыз айына  дейін қабылданады.

Еңбектер жинағы қағаз және электрондық жинақта жарияланатын болады.
Қатысу бойынша өтініш
1    Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)    
2    Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы    
3    Мекемесі, лауазымы    
4    Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)    
5    Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)    
6    Баяндаманың тақырыбы    
7    Секцияның атауы    
8.    Керекті техникалық құралдар    
9.    Қонақүй орындарын брондау қажеттігі
(иә, жоқ)    

Мақаланы жариялау талаптары
1. Мақала мәтіні қағаз және электронды түрде ұсынылады. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен терілген болуы тиіс, негізгі мәтін шрифтінің көлемі 12 p.t., сызбалар, диаграммалар - 11 p.t., жоларалық интервал - біреулік, тармақтың басындағы шегініс - 1,0, мәтінді енін бойлай теңестіру қажет.
2. Бет параметрлері: A4, жиегі: сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, жоғары жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см.
3. Мақаланың жалпы көлемі, оның ішінде кестелер, иллюстрациялар және әдебиет тізімін қоса есептегенде - 3-тен 10 бетке дейін.
4. Мақала тақырыбы қысқаша болуы және мақаланың мазмұнын көрсетуі қажет
5. Қазақ тіліндегі мақалалар үшін түйін, аннотация және abstract, орыс тіліндегі мақалалар үшін  аннотация, түйін және abstract, ағылшын тіліндегі мақалалар үшін түйін және аннотация болуы міндетті. Аннотация, түйін және abstract мазмұны бірдей болуы және сөздердің саны 50-100 болуы қажет.
6. Автор (лар) туралы ақпаратта мына мәліметтер болуы қажет: толық аты-жөні, академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, мекеменің атауы, қала, мемлекет.



Мақала құрылымы
1. ӘОЖ (әмбебап ондық жүйе) - жоғарғы сол жақ бұрышта (11 p.t.).
2. Автор(лар)дың толық аты-жөні (12 p.t.).
3. Лауазымы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, ұйым атауы, қала, мемлекет (11 p.t.).
4. Мақала атауы – мақаланың тілінде, Caps Lock 12 p.t.
5. Түйін - мақала тілінде, 11 p.t.
Түйін - ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұны. Түйіннен оқырман зерттеудің мәнін түсінуі қажет. Жұмыстың нәтижесі өте дәл және ақпаратқа толы түрде сипатталады. Мәтінде маңызссыз ақпарат, қосымша кіріспе сөздер, жалпы және шамалы тұжырымдар, қысқартулар, әдебиеттерге сілтемелер болмауы керек. Түйін бір абзацта жазылуы қажет. Сапалы өңделген және аударылған түйін мақалаға деген қызығушылықты, сондай-ақ шетелдік әріптестердің мақалаға сілтеме жасау мүмкіндігі арттырады.
6. Кілттік сөздер - 10 сөзге дейін, 11 p.t.
7. Мақаланың мәтіндік бөлімі (12 p.t.). Мақаланы тақырыптар арқылы жазу қажет, мысалы:
Кіріспе (міндетті), Теориялық талдау, Тәжірибелік бөлім, Нәтижелер мен талқылау. Қорытындылар (міндетті), Белгілер, Әдебиеттер тізімі (міндетті). Тақырыптар нөмірленбейді.
Кестелер мен суреттер мәтінде аталғаннан кейін орналасуы керек. Әр кестенің атауы болуы қажет. Суреттер анық, сканерленбеген болуы қажет. Сурет асты жазба үлгісі: Сурет 1.  Тәуелділік .........: а - ... ; ә - ...
Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, бұраннан белгілілерін қоспағанда, мәтінде бірінші рет айтылған кезде толық жазылуы қажет.
8. Әдебиеттер тізіміне тек мәтінде сілтемелер жасалаған және жарияланған немесе жариялануға қабылданған жұмыстар ғана ене алады. Әдебиет көздері мәтінде қолданылған ретімен нөмірленуі қажет. Өз-өзіне жазылған сілтемелер саны жалпы тізімнің 20-30% -ынан аспауы қажет. 10-15 жылдан аспайтын әдеби көздер тізімі кемінде 70% болуы қажет.
9. Түйін (қазақ тіліндегі мақалалар үшін орыс және ағылшын тілдерінде, орыс тіліндегі мақалалар үшін қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тіліндегі мақалар үшін қазақ және орыс тілдерінде болуы қажет).
10. Қатынасхаттар үшін жауапты автор туралы ақпарат: толық аты-жөні, телефон нөмірі, электронды поштасы.
                                                                                                                                              
Қосымша 1
ӘОЖ 541.18 (шрифт көлемі – 11 p.t.)
Аскарова Г.А. (12 p.t.)
ф.ғ.к, доцент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан (11 p.t.)
егер бірнеше автор болса келесідей рәсімделеді:
Тоқтаров Д.К1., Жұмағулов Е.М1., Айдарбекова Д.Б2., Дәрібеков С.Н3.
1 т.ғ.д., профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан
1 т.ғ.к., доцент, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан
2 аға оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразияұлттық университеті, Астана, Қазақстан

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ (12 p.t.)

Түйін (11 p.t.) 100-150 сөз болуы қажет
Кілттік сөздер (11 p.t.)
Негізгі мәтін (12 p.t.)
Әдебиеттер тізімі (12 p.t.)
Аннотация (11 p.t.) 100-150 сөз болуы қажет
Abstract (11 p.t.) 100-150  сөз болуы қажет
Қатынасхаттар үшін жауапты автор туралы ақпарат



link link link