Кафедра эндокринологии
Қызметкерлер
Базарбекова Р.Б. – кафедра меңгерушісі,профессор, м.ғ.д.
Досанова А.К. – доцент, м.ғ.к.
Ташенева Б.М. – доцент, м.ғ.к.
Есбергенова Г.М. - ассистент
Эрмаханова Т.У. - ассистент
Мазманиди П.Х. - ассистент
Омарова Ж.О.- лаборант
Тарихы
Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының эндокринология кафедрасы КСРО Денсаулық сақтау министрі, профессор Е.И. Чазовтың бұйрығымен 1990 ж. қаңтарда ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып профессор М. Е. Зельцер тағайындалды, кафедра доценті – м. ғ. к. Р. Б. Базарбекова, ассистенттері болып м. ғ. к. А.К.Құрманова және м. ғ. к. Т.Ф.Косенко қабылданды.
1997 ж. бастап осы уақытқа дейін кафедраны м. ғ. д, профессор Р. Б. Базарбекова басқарып келеді.
Кафедра төмендегідей оқу циклдарын өткізеді:
«Эндокринология» қайта даярлау
«Эндокринді аурулар диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдері»
«Балалар және жасөспірімдер эндокринологиясы»
«Клиникалық диабетология және диабет мектептерінде оқытуды үйрету»
«Клиникалық эндокринологияның таңдаулы сұрақтары»
«Бедеуліктің эндокринді аспектілері»
Кафедра жақын және алыс шет елдердің жетекші мамандарымен кәсіби қарым-қатынас орнатқан.
Кафедра қызметкерлерінің бастамасы бойынша 2000ж. Республикалық қоғамдық бірлестігі – Қазақстандық эндокринолог-дәрігерлер қауымдастығы (АВЭК РҚБ) құрылған, оның төрайымы профессор Р. Б. Базарбекова болып табылады.
АВЭК РҚБ қызметінің негізгі бағыты эндокринолог-дәрігерлерге дипломнан кейінгі үздіксіз білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсаттың шеңберінде Қауымдастық жыл сайын сәуір айында өте жоғары рейтингі бар "Алматы эндокринолог мектебі" атты халықаралық конференция өткізеді.
Осы мақсатқа АВЭК РҚБ аймақтық конференциялар қызмет етеді.
АВЭК РҚБ үнемі "Қант диабетінің диагностика және емі бойынша консенсус" шығарады, соңғы басылымы 2016ж. шықты.
Кафедра меңгерушісі профессор Р.Б. Базарбекова 2013 ж. Еуропалық балалар эндокринологтары мектебінің оқытушылар құрамына кіреді.
Кафедра меңгерушісі профессор Р.Б. Базарбекова және доцент А. К. Досанова Американдық диабеттік ассоциацияның, қант диабетін зерттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтың және Еуропалық балалар эндокринологтары мектебінің мүшелері болып табылады; ассистент Т.У.Эрмаханова – Еуропалық балалар эндокринологтары мектебінің мүшесі. Кафедраның барлық оқытушылары жыл сайын халықаралық және республикалық деңгейдегі эндокриндік конференциялардың қатысушылары болып табылады.
Кафедраның ғылыми жұмысы екі тақырыпты әзірлеуге арналды: "Гипофиздің гормонды белсенді аденомын емдеудің шалғайдағы нәтижелері " (доцент Досанова А. К.) және "Метаболизмдік синдром кезіндегі перифериялық тамырлардың жағдайы " (ассистент Мазманиди П. Х.).
Оқу-әдістемелік қызметі:
Кафедра төмендегідей оқу циклдарын өткізеді:
«Эндокринология» қайта даярлау
«Эндокринді аурулар диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдері»
«Балалар және жасөспірімдер эндокринологиясы»
«Клиникалық диабетология және диабет мектептерінде оқытуды үйрету»
«Клиникалық эндокринологияның таңдаулы сұрақтары»
«Бедеуліктің эндокринді аспектілері»
Клиникалық қызметі базалық бөлімдердегі пациенттерге жетекшілік жасау, аурухананың базалық және аралас бөлімдерінде консультативті жұмыс болып табылады.
Клиникалық базалары:
Алматы қаласындағы №7 қалалық аурухананың және №2 балалар клиникалық ауруханасының эндокринологиялық бөлімдері.