1954 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік медицина институтының жанынын дәрігерлер білімін жетілдіру факультеті ашылды. Оның құрамында бірнеше кафедралар мен доценттік курстар жұмыс істеді. Факультет шеңберінде жүргізілетін мамандану және білімін жетілдіру жұмысының көлемі республиканың артып келе жатқан сұранысын қанағаттандырмады. Түрлі мамандығы бар дәрігерлердің саны 15 мың адамнан асты, осыған байланысты барынша жоғары деңгейде дәрігерлерге білім беру үшін институт құру мәселесі туындады.