Мухамеджанов Каирлыбек Хаджиакбарович
Сәулелі диагностика кафедрасының менгкрушісі, м.ғ.д., профессор
Міндеттері:
- мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес сәулелі диагностика саласында кәсіби білімі мен дағдыларын меңгерген мамандарды дайындау;
- мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде пән бойынша белгіленген тәртіппен жұмыс оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;
- кафедра пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқулықтар, оқу құралдары, кешенді және тест тапсырмаларын, пәндерді оқыту жөнінде әдістемелік ұсынымдарды дайындау;
- білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологияларын әзірлеу және қолдану;
- қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру пәндері бойынша жұмыстық оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу, оларды өткізу сапасын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы технологияларды мен оқыту түрлерін енгізу;
- профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және т.б.
Қызметі:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Кафедра туралы ережеге және басқа да актілерге сәйкес толық көлемде кафедраға жүктелген міндеттерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- қызметінің бағыттары бойынша Ғылыми кеңестің, ректор мен проректорлардың шешімдерін орындау;
- кафедраның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына мониторинг жүргізу;
- кафедрамен орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және жекелеген лауазымды тұлғалармен ақпарат алмасу;
- кафедра қызметінің барлық бағыттары бойынша сыртқы және ішкі есептілікті қалыптастыру және ұсыну;
- қызметтік құжаттама мен кафедраның хат-хабарларын белгіленген тәртіппен жүргізу, есепке алу, сақтау және мұрағатқа өткізу.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл. адресі |
1 |
Меңгеруші |
Мухамеджанов К.Х. |
|
2 |
Профессор |
Егембердиев А.Е. |
|
3 |
Бижанов Ж.К. |
||
4 |
Доцент |
Ахметбаева А.К. |
|
5 |
Ассистент |
Абеков А.К. |
|
6 |
Садыков М.С. |
||
7 |
Ли Е.Л. |
Кафедра тарихы: 1963 жылы Республикада алғаш рет Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты ашылды. Дәл осы жылдары АМДБЖИ рентгенология кафедрасы қалыптасады, осы кафедраның ұйымдастырушы және басшысы С. Б. Балмұханов болды. Кафедраның қалыптасуы мен нығаюы тұсынды оны С. Б. Балмұхановтың серіктері – доцент, ҰОС қатысушысы, асқазан-ішек жолдары, әсіресе өңеш патологиясын диагностикалау бойынша көрнекті маман Абдусамет Тұрғанбайұлы Тұрғанбаев басқарды.
А. Т. Тұрғанбаевтан кейін рентгенология кафедрасын доцент Смагулов Ажмаги Смағұлұлы басқарды, онда кафедрада осындай көрнекті педагогтар ретінде доцент Пурышева Е. М., доцент Хуснутдинова Г. И., доцент Статенина А. Х., м. ғ. к. Сахипова Н.К., м. ғ. к. Егембердиев А. Е., ассистенттер П. И. Мироненко, К. Ж. Жакенов жұмыс істеді. Кейінірек кафедраны Түсіпбеков Сапар Түсіпбекұлы басқарды. Педагогикалық қызметін ассистент ретінде басқарған Түсіпбеков Сапар Түсіпбекұлы медицина ғылымдарының докторы, профессорға дейін көтерілді және көптеген жылдар бойы осы кафедраны басқарды. Осы кезде кафедраға доцент Кизатуллин Дәуіт Қизатұлы, Мұхамеджанов Қайырлыбек Хаджиакбарұлы, Бижанов Жарас Құдұсұлы келді.
2003 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұхамеджанов Қайырлыбек Хаджиакбарұлы басқарып келеді, ол өз еңбек жолын ҚазОРҒЗИ рентгенолог дәрігер ретінде бастаған.
Кафедраның клиникалық базасы:
№ |
Клиникалық база |
Мекен жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК |
Жандосов көшесі 6 |
87273952417 |