Зайтенова Гульбаран Байгазиновна
Пластикалық хирургия курсымен жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Міндеттері:
- жақ-бет хирургиясы саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау;
- мамандығының өзекті мәселелер бойынша жаңа теориялық білімді алу және жетілдіру;
- клиникалық ойлауды дамыту, саралау диагностикасы, емдеу және алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін кеңінен пайдалану;
- білім алушылардың дәрігерлік этика және деонтология мәселелерін меңгеруі.
Қызметі:
- тек негізгі мамандығы ғана емес және нақты кәсіби-лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті іргелес пәндердің жаңа теориялық ережелерімен танысу;
- әдебиетті және пәнді өз бетінше терең меңгеру қажеттілігін қамтамасыз ету;
- ғылыми тәсілді, өзіндік тәжірибе және ақпаратты талдау қажеттілігін бекіту.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл.адресі |
1 |
Кафедра меңгеруші |
Зайтенова Гульбаран Байгазиновна |
|
2 |
Профессор |
Инкарбеков Жолшыбек Бердимбетович |
Кафедраның тарихы: КСРО ДСМ Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының хирургиялық стоматология кафедрасы 1977 ж. 01 шілдеде ашылды.
Байқау комиссиясының қорытындысы және ауызша дауыс беру нәтижелері негізінде медицина ғылымдарының кандидаты, АМДБЖИ стоматология кафедрасының доценті м. а. Д. С. Сағатбаев хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
2002 жылы зейнеткерлікке шығуына байланысты профессор Д.С. Сағатбаев кафедра меңгерушісі қызметінен босатылады және оның ұсынысымен осы лауазымға доцент Г. Б. Зайтенова тағайындалды.
1994 жылы 5-ші қалалық клиникалық аурухананың және Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұсыныстары бойынша хирургиялық стоматология кафедрасы өзінің орындайтын қызметіне сәйкес "Жақ-бет, пластикалық және стоматохирургия кафедрасы" деп аталды. ҚР Мемлекеттік стандартына өткізілетін кафедра циклдерінен "Пластикалық хирургия негіздері және бетке жасалатын косметикалық операциялар" циклі енгізілді, ол 2000 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен бекітілді. Қазіргі уақытта пластикалық хирургия курсымен бет-жақ хирургиясы кафедрасы № 1, 2, 5 ҚКА, Алматы облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Алматы көп салалы клиникалық аурухана» МКК, «Tiffany Plaza» эстетикалық медицина клиникасының бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде негізделген.
Кафедраның клиникалық базасы:
№ |
Клиникалық база |
Мекен-жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
№ 5 ҚКА |
Достық 220 |
87272647554 |
2 |
Алматы облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Алматы көп салалы клиникалық аурухана» МКК |
Демченко көшесі 83 |
87272310080, 311012 |
3 |
«Tiffany Plaza» эстетикалық медицина клиникасы |
Самал -2 ы/а, 58-үй, блок «А», 14-қабат |
87272666061, 2666062 |