Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Урология және андрология кафедрасы

Хусаинов Тамерлан Эркенович

Урология және андрология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор 

Міндеттері: Урология және андрология саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау. 

Қызметі: 

- теориялық дайындықты қамтамасыз ету; 

- клиникалық базаларда тәжірибелік дағдыларды меңгеру; 

- пәнді бақылау; 

- алған білімдерінің сапасын бақылау.

Штат:

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедраның меңгерушісі

Хусаинов Тамерлан Эркенович

urology@kazmuno.kz

2

Ассистент

Ошакбаев Ербол Бисенович

3

Қоңыров Ерлан Мәуленұлы

Кафедраның тарихы: Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ашылуына байланысты 1964 жылы урология кафедрасы ұйымдастырылды. ҚазКСРО 29.01.1964ж. №171 бұйрығымен урология кафедрасының меңгерушісі болып профессор Зиновий Вольфович Файнштейн тағайындалды, ол 1965 жылдың наурызына дейін жұмыс істеді. 1965 жылдың 11 наурызынан бастап АМДБЖИ урология кафедрасының меңгерушісі болып доцент Имам Ибрагимович Ахундов тағайындалды.

И.И. Ахундов қайтыс болғаннан кейін 1971 жылы урология кафедрасын профессор Алексей Юрьевич Свидлер 20 жыл бойы басқарды. А.Ю. Свидлердің келуімен оқытудың сапасы айтарлықтай жақсарды, кандидаттық диссертацияларын қорғаған қызметкерлердің саны артты.

1990 жылы А.Ю. Свидлер зейнетке кеткеннен кейін, урология кафедрасын 1996ж. дейін доцент Ш.И. Ысқақбаев басқарды.

1996 жылы қыркүйекте Урология ҒЗИ жанында дипломнан кейінгі білім беру бөлімі құрылды, ол 1999 жылдың 19 наурызына дейін жұмыс істеді. Содан кейін АМДБЖИ урология кафедрасы жаңадан қайта құрылды, оны профессор Б.У. Шалекенов басқарды.

Қазіргі уақытта кафедраны м.ғ.д, профессор Тамерлан Хусаинов Эркенович басқарады.

Кафедраның клиникалық базасы:

Клиникалық база

Мекен-жайы

Жұмыс телефоны

1

ОҚКА

Жандосов көшесі 6

87272745901

 

link link link