Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Оториноларингология кафедрасы

Таукелева Сауле Айдаратовна

Оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.

Міндеттері:

- ғылым мен мәдениеттің соңғы жетістіктерін және олардың даму перспективаларын көрсететін пән бойынша белгіленген тәртіппен оқу бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, дәрігерлердің біліктілігін арттыру;

- қорытындыларын талдай келе, емтихандар мен сынақтар өткізу;

- қазіргі заманғы деңгейдегі білім беру талаптарын максималды қанағаттандыру үшін өз бейіні бойынша әлемдік тәжірибеде қабылданған қазіргі заманғы әдістермен өз қызметін жарақтандыру;

- кафедраның жоғары моральдық-этикалық мәртебессін қолдау;

- тиімді жұмыс істеуіне қолдау көрсету, стандарттарының талаптарына сәйкес кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми қызметін тұрақты дамыту және нәтижелілігін арттыру;

- әрбір қызметкердің орындалатын жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілігін анықтау, кафедраның мақсаттарына қол жеткізу үшін барынша толық персоналды тарту;

- оқу-әдістемелік қызметті жоғары кәсіби деңгейде беру, осы бағыттағы әлемдік тәжірибеде қол жеткізген үздік нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу;

- профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру.

  

Қызметі:

- әзірленген ҮОЖ сәйкес оқу сабақтарын дайындау және өткізу;

- оқу-әдістемелік құжаттарды, құралдарды әзірлеу және шығару;

- аудиториялық оқу сабақтарын (Ректор немесе оқу ісі жөніндегі проректор бекітілген кестеге және оқу жүктемесімен сәйкес дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар, зертханалық жұмыстар) өткізу;

- белгіленген тәртіппен студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға кеңестер беруді жүзеге асыру, сондай-ақ қолданыстағы оқу жүктемесінің нормативтерінде айқындалған көлемде оқытылатын пәндер мен курстар бойынша жоғары білімді (қосымша білім беру бағдарламалары) мамандарды қайта даярлау кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;

- олардың оқу материалын игеру нәтижелері бойынша сынақтар мен емтихандар түрінде оқушылардың аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауын жүзеге асыру; 

- жоғары деңгейде білім беру процесін жүргізуді қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жұмыстардың жоспарланған көлемін орындау (жұмыс оқу бағдарламаларын дайындау және жаңарту, оқу сабақтарын өткізу/студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауы бойынша оқу / әдістемелік материалдарды әзірлеу және бекітуге ұсыну);

- кафедраның мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу тақырыбын жоспарлау, және орындау, кафедраның бейіні бойынша студенттік ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру;

- кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жыл сайынғы және перспективті жоспарларын әзірлеу, оларды бекіту үшін оқу ісі жөніндегі проректорға ұсыну, олардың орындалуын бақылау және ұйымдастыру;

- кафедра қызметкерлерінің шығармашылық өсуіне жәрдемдесу, оның ішінде жас оқытушыларды жетекші профессорлар мен доценттерге бекіту жолымен, ашық дәрістер және басқа оқу сабақтарының түрлерін әдістемелік семинарда жүргізу және талқылау, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және тарату;

- оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің кандидаттық және докторлық диссертацияларымен жұмыс жасауы үшін қажетті жағдайлар жасау, диссертацияны мүдделі талқылауды ұйымдастыру, кафедра қызметкерлерінің конференцияларға қатысуына және зерттеу нәтижелерін жариялауына жәрдемдесу;

- көрмелерге және конференцияларға қатысу;

- студенттер (курсанттар) арасында тәрбие процесін жүзеге асыру, соның ішінде қолданыстағы Университеттің жетекшілік ету жүйесі арқылы, студенттік қоғамдық ұйымдармен, жас ғалымдар Кеңесімен Университет студенттерінің жыл сайынғы оқу-тәрбие жоспарларында және аудиториядан тыс жұмыстарында көзделген іс-шараларға қатысып, өзара іс-қимыл жасайды;

- Университеттің басқару органдарында және басқа ұйымдарда кафедра ұжымының мүддесін ұсыну;

- құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және оны өзектендіру;

- атқарылған жұмыс туралы әртүрлі есептерді құрастыру;

- кафедра қызметінің ерекшелігінен туындайтын басқа да функцияларды жүзеге асыру;

- ЛОР-бөлімшеге жетекшілік ету, операция жасау, Қазақстанның барлық өңірлерінде шеберлік сағаттарын өткізу, сырқатнамаға сараптамалық баға беру, құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша сот сараптамасын жүргізу.

Штат:

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедра меңгеруші

Таукелева С.А.

saule_taukeleva@mail.ru

2

Профессор

Буркутбаева Т.Н,

tatyana_nur@mail.ru

3

Доцент

Тогузбаева Д.Е.

dmsha_9@inbox.ru

4

Ассистент

Сарсенгалиева А.Р.

fi_fonik@mail.ru

Кафедра тарихы: АМДБЖИ Оториноларингология кафедрасы 1960 жылы доценттік курс ретінде ұйымдастырылды, кафедра меңгерушісі болып профессор Б.В.Еланцев сайланды, осы жылдары оқыған аспиранттар О.В. Минск және С.Ш Баймаханова. Кейін 1982 жылға дейін оториноларингология кафедрасының меңгерушісі қызметін О.В. Минск атқарды. Доцент О. В. Минск доценттік курсты Оториноларингология кафедрасы деп қайта құрды. 

1982-2002 жылы кафедра меңгерушісі профессор С.Ш. Баймаханова болды, оның жетекшілігімен бірнеше кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды.

2002 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедраны профессор С. А. Таукелева басқарып келеді, ол Киев қаласында м. ғ. к. ізденуші болса, Ленинград қ. диссертациясын қорғады.

2011 жылдан бастап кафедра 50-ден астам дәрігер шығарды, олар Оториноларингология мамандығы бойынша резидентураны бітірді, қазіргі уақытта практикалық денсаулық сақтауда жетекші мамандар болып табылады.

Жыл сайын кафедра базасында визитинг-профессорлардың, Оңтүстік Корея, Ресей, жақын және алыс шетелдің алдыңғы қатарлы мамандарының қатысуымен шеберлік сағаттары сәтті жүргізілуде.

Кафедраның клиникалық базасы:  

Кафедраның клиникалық базасы

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

1

ШЖҚ №5 ҚКА МКК

Достық көшесі 220

87017142224

2

«V-ent» оқу-клиникалық базасы

Навои көшесі 62

87272210300

3

ҚР Президент істері басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы

Панфилов көшесі 139

87017142224

4

ҰҚК Өнірлік госпиталі

Достық көшесі 103/41

87272600552

 

link link link