Доскожаева Сауле Темирбулатовна
Жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Міндеттері: Кафедраның жалпы міндеті жұқпалы ауруларды пән ретінде оқыту, пәннің түпкі нәтижесі: инфекционист-дәрігердің жұмыс істеуі үшін қажетті жұқпалы аурулар саласындағы кәсіби білім мен тәжірбиелік дағдыларды алу, жетілдіру және жүйелеу болып табылады.
Қызметі:
- қазіргі заманғы құралдарды, оқыту әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде пән бойынша оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру;
- оқу жүктемесіне және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес аудиториялық оқу сабақтарын - дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар өткізу;
- қолданыстағы оқу жүктемесінің нормативтерінде айқындалатын көлемде жұқпалы аурулар бойынша біліктілікті арттыру (қосымша білім беру бағдарламалары), жоғары білімді мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламалары бойынша студенттерге, резиденттерге, сондай-ақ тыңдаушыларға белгіленген тәртіппен кеңес беруді жүзеге асыру;
- қосымша білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің, резиденттер мен тыңдаушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс өздік жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау;
- бағдарламалық материалды меңгеруі бойынша білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын жүзеге асыру;
- оқу процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін оқу-әдістемелік жұмыстардың қажетті көлемін орындау;
- пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасын белгіленген тәртіппен әзірлеу және бекітуге ұсыну;
- оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әдістемелік нұсқауларды, түрлері оқу сабақтарын жүргізу бойынша дидактикалық материалдарды, білім алушылардың өзіндік жұмыс орындауында, көрнекі құралдарды, қажетті оқу процесі үшін бағдарламалық және ақпараттық материалдарды дайындау және жаңарту үшін қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану;
- университет студенттерімен, резиденттерімен жыл сайынғы оқу-тәрбие жоспарларында және аудиториядан тыс жұмыстарында көзделген іс-шараларға қатыса отырып, студенттік қоғамдық ұйымдармен, студенттік ғылыми қоғаммен өзара әрекет, жетекшілік ету және тәлімгерлік жүйесі арқылы студенттер, резиденттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу;
- оқытушылардың одан әрі шығармашылық өсуі үшін кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу, жас оқытушылардың жетекші профессорлар мен доценттің жетекшілігіне беру, пәнді сапалы оқытудың өзекті мәселелерін кафедраның әдістемелік кеңестерде жүргізу және талқылау, озық педагогикалық тәжірибені тарату;
- студенттер мен резиденттер арасында тиісті кафедра бейіні бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық жұмыстарды жүргізу.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл. адресі |
1 |
Кафедра меңгеруші |
Доскожаева Сауле Темирбулатовна |
|
2 |
Профессор |
Курманова Куляш Байсеиховна |
|
3 |
Доцент |
Петрова Наталья Петровна |
|
4 |
Дерябина Лидия Владимировна |
||
5 |
Сулейменова Зауре Иманбековна |
||
6 |
Славко Елена Алексеевна |
||
7 |
Ассистент |
Исмаилова Гулнур Алдабергеновна |
Кафедраның тарихы: Жұқпалы аурулар кафедрасының құрылғанына 55 жыл толды. Оның негізі КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының 1964 жылы қаңтар айында құрылуымен бір мезгілде қаланды және Қазақстан Республикасындағы жоғары мектептің жетекші кафедралардың бірі болып табылады.
Алғашқы 3 жылда кафедра инфекционист-дәрігерді тек бастапқы мамандандырудан өткізген. 1967 жылдан бастап, тұрақты 5-айлық мамандандыру циклімен қатар, кафедрада жалпы және тақырыптық жетілдіру циклдері жүргізіледі: инфекциялық патологияның таңдаулы тараулары, аса қауіпті инфекциялар, учаскелік терапевтер үшін ішек инфекциялары; инфекционисттер үшін ішек инфекциялары және инвазия; бөлім меңгерушілері үшін инфекциялық патология мәселелері және инфекциялық аурулар кабинеттерінің дәрігерлері мен бас инфекционисттер үшін циклдар.
1991 жылдан 2002 жылға дейін кафедраны м.ғ.д, профессор Күләш Байсеихқызы Құрманова басқарды.
2002 жылдан 2009 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Зауре Иманбекқызы Сүлейменова тағайындалды.
Қазіргі кезде кафедраны 2009 жылдан бастап м.ғ.д., профессор Сауле Темірболатқызы Досқожаева басқарады.
Кафедраның клиникалық базасы:
№ |
Клиникалық база |
Мекен-жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы |
Байзақов көшесі 295 |
87272747221 |
2 |
Қалалық СИПД аллын алу және күрес орталығы |
Басенов көшесі 2 |
87272465352 |