Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасы

Абетова Айгулим Абдурасуловна

Психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.

Міндеті: "Психиатрия" мамандығы бойынша резидентура тыңдаушыларының, бакалавриат студенттерінің, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша психиатрия, наркология, психотерапия және клиникалық психологиядан сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметі:

- "Психиатрия" мамандығы бойынша резидентура тыңдаушыларының, бакалавриат студенттерінің, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша психиатрия, наркология, психотерапиядан  білім беру бағдарламаларын іске асыру;

- ғылым, техника және технологиялар, білім беруді ақпараттандырудың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми-кәсіби саласындағы тыңдаушылардың білімін жаңарту, тереңдету;

- психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасы ПОҚ жалпы мәдениетін арттыру, оқытудың жаңа нысандарын, әдістерін және құралдарын игеру;

- педагогикалық ғылымдардың заманауи  жетістіктері негізінде оқу процесін жүргізу, танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістерін енгізу, техникалық құралдардың, тәжірибелік сабақтардың және қарқынды оқыту технологиясының санын ұлғайту;

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеу және баспадан шығаруға дайындау;

- психиатрия, наркология, психотерапия бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

- ресейлік және шетелдік білім беру мекемелерімен, ұйымдармен және фирмалармен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын іске асыру;

- кәсіби білім беру саласындағы оқытушылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру; 

- емдеу - кеңес беру қызметі.

Штат:

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедра меңгеруші

Абетова Айгулим Абдурасуловна

psychiatry@kazmuno.kz

aigul-abetova@mail.ru

2

Ассистент

Абдуллаев Нуритдин Салайдинович

galen86@mail.ru

3

Ротманова Екатерина Александровна

argo77777@mail.ru

Кафедраның тарихы: Психиатрия бойынша алғаш рет білімін жетілдіру курстары Қызылорда қаласындағы № республикалық психиатриялық аурухана базасында ұйымдастырылды. 1962 ж. кафедра Алматы қаласындағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының құрылымына кірді. 1962 – 1991 жж. аралығында кафедраның алғашқы меңгерушісі м.ғ.д., профессор М. Х. Гонопольский болды, ол сондай-ақ ҚР ДСМ штаттан тыс психиатры болды.

1991 жылдан 2003 жылға дейін кафедраға м.ғ.д, проф. Ж.А. Әлімханов жетекшілік етті. 90-шы жылдардағы экономикалық құлдырау кезінде де кафедра басталған дәстүрін жалғастырды: біліктілігін арттыру, білімін жетілдіру циклдары жүргізілді, клиникалық ординаторлар дайындалды, диссертациялар қорғалды, консультациялық-диагностикалық және сараптамалық жұмыстар жүргізілді.

2003-2016 жж. кафедра меңгерушісі м.ғ.д, профессор Измаилова Найля Тохтаровна болды, "Психиатрия", "Наркология", "Балалар психиатриясы", "Соттық-психиатриялық сараптама" мамандықтары бойынша дәрігер, 2012 ж. бастап ол Алматы қ. ДСБ штаттан тыс бас психиатры, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Н.Т. Измаилова дәрігерлер үшін "Жалпы психопатология" нұсқаулығын шығарды.

2016 ж. қыркүйек айынан бастап 2017ж. қазанына дейін кафедра меңгерушісі болып РФ м. ғ. д Распопова Наталья Ивановна, жоғары санатты психиатр-дәрігер тағайындалды.

2017 ж. қазан айынан бастап және қазіргі уақытқа дейін кафедраны м. ғ. к. Абетова Айгүлім Абдурасулқызы басқарып келеді.

Кафедраның клиникалық базасы:

Клиникалық база

Мекен-жайы

Жұмыс телефоны

1

ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК

Алматы қ., Әбіш Кекілбайұлы, 117а

Алматы қ. Мақатаев, 10

87273765584


link link link