Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Мейіргер ісі курсымен қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Оспанова Динара Алмахановна

Мейіргер ісі курсымен қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор

  

Міндеттері:

- пәндер бойынша белгіленген тәртіппен оқу бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- емтихандар мен сынақтарды өткізу;

- стандарт талаптарына сәйкес кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми қызметінің тиімді жұмыс істеуіне, тұрақты дамыту және нәтижелілігін арттыруға қолдау көрсету;

- әрбір қызметкердің орындалатын жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілігін анықтау,  кафедра мақсатына қол жеткізу үшін персоналды барынша толық тарту.

Қызметы:

- қоғамдық денсаулық сақтау, дәрігерлер, фармацевтер, экономистер, психологтар мен заңгерлер үшін қайта даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру циклдарын өткізу; 

- заманауи басымдықтарына (құқық, ішкі аудит, фармацевтикалық менеджмент) сәйкес модулдер түрінде жеке оқыту тәжірибеге нгізілген;

- "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау" базалық пәні бойынша университеттің қайта даярлау циклдерінен барлық тыңдаушылар үшін сабақ өткізу;

- магистранттарды оқыту 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Кафедра "Қоғамдық денсаулық сақтау" магистратура мамандығы бойынша бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттарды дайындайды;

- "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша докторанттарды дайындау 2017 жылдан бастап жүргізіліп келеді;

- резиденттерді оқыту (базалық пән "Қоғамдық денсаулық сақтау"); 

- студенттерді оқыту 2018 жылдан бері жүргізіледі (базалық және элективті пәндер бойынша).

Штат:  

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедра меңгеруші

Оспанова Динара Алмахановна

public_health@kazmuno.kz

2

Профессор

Рыскулова Алма-Гуль Рахимовна

3

Кафедраның оқу меңгерушісі

Нурлыбаева Макбал Нурлыбаевна

4

Аға оқытушы

Максудова Махигуль Халмурзаевна

5

Оқытушы 

Журынова Асель Омархановна

6

Оқытушы

Сеитова Гульзада  Смагуловна

  

Кафедраның тарихы:

Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты құрылған кезде алағашқылардың бірі болып 1964 жылғы ақпанда "Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" кафедрасы құрылды. Кейіннен "Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық құқық және фармацияны ұйымдастыру" кафедрасы деп аталды. Кафедра  атауының ауыстырылуы еліміздің дамуы кезеңінде алға қойған мақсаттардың орындалуына жауап берді.

Мұнда алғашқы кафедра меңгерушілерінің есімдері атауға болады: А.А. Апсатаров – АМДБЖИ алғашқы ректоры, Сеньков Н.О., Ильичев Н.Ф., Петров П.П.

2011 ж. 2016 ж. дейін кафедраны м.ғ.к., PhD, доцент Д.К. Рахимбекова басқарды. 

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Д.А. Оспанова басқарып келеді.

Кафедраның клиникалық базасы:

Клиникалық базасы

Мекен-жайы

Жұмыс телефоны

1

АҚ "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті"

Манас көшесі 34

87273468448



link link link