Баймуратова Майраш Аушатовна
Микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының менгерушісі, м.ғ.к. доцент
Міндеттері: Профилактикалық медицина саласында жоғары білікті мамандарды дайындау, терең теориялық білімі мен мамандықтары бойынша дағдыларын иеленетін тұлғаның кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау.
Қызметі:
- БА және ҚД бойынша білім алып жатқан тыңдаушылардың мен өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамыту, меншікті әзірлемелері, зерттеу және өндірістік қызметінің нәтижелері негізінде қолда бар әлеуетін жүзеге асыру;
- "Медициналық-профилактикалық іс" (МПІ) мамандығы бойынша ең маңызды және тұрақты білімді игере отырып, магистранттардың ғылыми-теориялық және практикалық жеке дайындығын тереңдету есебінен жоғары білім сапасына қол жеткізу;
- ЖОО даярлық бағдарламасы аясында қажетті білім деңгейін алу үшін келесі мамандықтар бойынша теориялық негіздерді және практикалық дағдыларды меңгеру: микробиология, вирусология, паразитология және жалпы иммунология;
- Резидентураның білім беру бағдарламасы аясында кафедрадағы ПОҚ оқытатын өзара интеграцияланған пәндер бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі Бағдарламалар саласындағы теориялық білімнің қажетті деңгейін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің практикалық дағдыларын алу.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл. адресі |
1 |
Кафедра меңгерушісі |
Баймуратова Майраш Аушатовна |
|
2 |
Оқу бөлімінің меңгерушісі |
Тьесова-Бердалина Раушан Амамбековна |
|
3 |
Доцент |
Абдусаламова Захида Ситахуновна |
|
4 |
Оқытушы |
Джуматова Улбосын Кенгешбековна |
Кафедраның тарихы:
Кафедраның қалыптасуы мен даму тарихы бай, алғаш рет 1964 жылы кафедра құрамында ұлы ғалымдар болды. "Гигиена" кафедрасын А.А. Апсатаров басқарған, "Эпидемиология" курсын басшысы Кереев болды, оның қызметі 1972 жылға дейін жалғасты. Сол жылдары эпидемиология курсы дербес жұмыс істеді. 1978 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының эпидемиология кафедрасы жанынан (каф. проф. Сансызбаев Б.К.), "Микробиология" курсын ұйымдастырды, кейінірек 1991 жылдан бастап 1992 жылға дейін басқа қазақстандық зерттеуші м.ғ.д., профессор М.Л. Бейлбаева басқарды, соның арқасында курс алғаш рет ғылымның басым бағыттарының бірі –иммунологияны дамытты, сонымен қатар курстың кафедра мәртебесіне ие болуы, оның, жетекшілігімен "Микробиология және иммунология" кафедрасы деп аталуы еңбегі жемісі болды.
1982 жылдан бастап "Гигиена" кафедрасын ҚР денсаулық сақтау саласының көрнекті қайраткері, м.ғ.д., профессор А.А. Алдашев басқарған, ал 1999 жылдан бастап ол "Гигиена" курсымен "Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына дипломнан кейінгі білім беру" кафедрасына жетекшілік етті; "Эпидемиология" курсын курс меңгерушісі, доцент Г. К. Камзагалиев басқарды; "Микробиология" курсына меңгеруші ретінде 1999ж. бастап конкурстық негізде таңдап алынған м.ғ.к., доцент М. А. Баймұратова келді. Ол осы күнге дейін АМДБЖИ/ҚазМҮББУ жұмыс істейді. Кафедралар мен курстарға бірнеше рет өзгерістер енгізілді: 2006 жылы кафедра қайта құрылды, қайтадан 2011 жылы әкімшіліктің шешімімен курс кафедраға ауысты. 1980-2000жж. аралығында курсы/кафедра басшылығы, бұл ретте "Эпидемиология" курсының меңгерушісі ауысып, алдымен м.ғ.д. проф. Ж.Т. Темірбеков, содан кейін доцент Г.К. Камзагалиев (1990-2001), ал 2001-2009жж. (соның ішінде 2006ж. курсты кафедраға қайта ұйымдастыруға) конкурстық негізде м.ғ.к, доцент Р.А. Тьесова-Бердалина сайланды және басқарды.
2009 жылдан бері (қыркүйек) гигиена және эпидемиология кафедралары біріктірілді, содан кейін қайтадан бір курсқа біріктірілді, содан соң Ғылыми орталығының гигиена және эпидемиология (НЦГЭ) базасына берілді. Жетекшісі м. ғ.д., профессор М.Н. Омарова болды, алайда 2009ж. желтоқсанда курстың дербес жұмыс істеуінің орындылығы туралы жаңадан шешім қабылданды: "Гигиена" курсына жетекшілік ету м.ғ.д. А.М. Төлемісоваға табысталды және "Эпидемиология" курсына м.ғ.д., профессор Сапарбеков М.К. жетекшілік етті. Үш курстың ішінде "Микробиология" кафедрасы ғана 1999 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеді: қазіргі уақытқа дейін оның жетекшісі м.ғ.к., доцент М.А. Баймуратова болып табылады.
2013 жылы кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент М.А. Баймұратова ректордың бірлескен шешімімен, мемлекеттік аттестаттаудан өткеннен кейін, бұрынғы дербес үш курс бір кафедраға біріктірліп, "Гигиена, эпидемиология және микробиология" кафедрасы деп аталды. 2019 жылы кафедра қайтадан өзгерістерге ұшырады, оны екі дербес кафедраға бөлді: "Микробиология, вирусология және жалпы иммунология" (меңгерушісі м.ғ.к., доцент М.А.Баймұратова) және «Экология, гигиена және эпидемиология».
Кафедраның клиникалық базалары:
№ |
Клиникалық база |
Мекен жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» МКК |
Басенов көшесі 2 |
87011748571 |
2 |
«Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК |
Байзақов көшесі 299 а |
87273948817 |
3 |
«И. Жекенова атд. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК |
Байзақов көшесі 295 |
87272756089 |