Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Патологиялық анатомия кафедрасы

Молчанова Анна Анатольевна

Патоморфология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.

Міндеттері:

- пән бойынша белгіленген тәртіппен патологоанатомиялық ғылымның соңғы жетістіктерін көрсететін оқу бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- жоғары деңгейде оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың) мамандығы, аралас мамандықтар бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыру;

- оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру, түрлі мамандықтар бойынша резиденттерге сабақ өткізу;

- білім беру деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптарды  максималды қанағаттандыру үшін өз бейіні бойынша әлемдік тәжірибеде қабылданған өз қызметінің қазіргі заманғы әдістерімен жарақтандыру.

Қызметі:

- оқу сабақтарын (дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар) дайындау және өткізу;

- оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және шығару;

- оқу материалдарын игеру нәтижелері бойынша сынақтар мен емтихандар түрінде аралық және қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру;

- білім беру процесін жоғары деңгейде жүргізуді қамтамасыз ететін педагогикалық және әдістемелік жұмыстың жоспарланған көлемін орындау (оқу сабақтарын өткізу/ өзіндік жұмысты орындау бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, қайта әзірлеу және бекітуге ұсыну, әдістемелік материалдарды дайындау және жаңарту);

- кафедраға СМЖ енгізу және оның табысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- СМЖ бойынша құжаттама әзірлеу, жүргізу және оны өзектендіру;

- аудит процесінде (тексеру) анықталған сәйкессіздіктерді жоюға бақылау жасау;

- атқарылған жұмыс туралы әртүрлі есептерді құрастыру;

- курс қызметінің ерекшелігінен туындайтын басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Штат:

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедраның меңгеруші

Молчанова Анна Анатольевна

pathomorphology@kazmuno.kz

a.molchanova@kazmuno.kz

2

Ассистент

Гринберг Владимир Борисович

Кафедраның тарихы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ дәрігерлер білімін жетілдіру институтының патологиялық анатомия кафедрасы 1963 жылы құрылды, оның ұйымдастырушысы және бірінші басшысы доцент Анна Ивановна Зикеев (1912-1992) болды.

КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты ашылған сәттен бастап, 1963 жылдан 1975 жылға дейін патологиялық анатомия кафедрасын Анна Ивановна басқарды. 1980 ж. Бүкілодақтық патологоанатомдар қоғамының пленумында А. И. Зикеева оның құрметті мүшесі боп сайланды, сондай-ақ  "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісімен, "Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін (1941-1945 ж.)" медалімен марапатталды. 

1980 - 1996 жж. кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Леонид Павлович Царевский болды. Ол кафедраны қазіргі заманғы аппаратурамен жабдықтады, негізгі бағыты патологиялық анатомия және микробтық антигендер мен дәрі-дәрмектердің иммунопатологиялық (аллергиялық) реакциясы морфогенезін зерттеу болып табылатын ғылыми қызметпен белсенді айналысты. 

1996 - 2004 жылдары кафедраны м.ғ.д., профессор Сапаргалиева Айгүл Дүйсекешқызы басқарды, ол  педагогикалық және ғылыми жұмысты сәтті үйлестірді.

2004 - 2011 жж. кафедраны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас патологоанатомы болып табылатын К.Б. Манекенова басқарады.

2011 жылы кафедраға кафедрасының меңгерушісі ретінде м.ғ.к. Молчанова Анна Анатольевна оралды. Бұрынғы кафедра ассистенті, проф. Л.П. Царевскийдің оқушысы, 1991-1996 жж. кафедрада жұмыс істеген. 

Кафедра 2016 жылы патоморфология курсы болып қайта құрылды және фтизиатрия кафедрасымен біріктірілді.

Кафедраның клиникалық базасы:

Клиникалық база

Мекен-жайы

Жұмыс телефоны

1

ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскери медицина орталығы» ММ

Жароков көшесі 202

Жалпы сараптамалық зерттеу бөлімі, патологоанатомиялық бөлім

87272752103

2

Алматы қаласы «Қалалық патологоанатомиялық бюро» МКҚК

Қалқаман, 4а -үй, Бұхар жырау 45

№ 1, 5 бөлімдер

87272748752

 

link link link