Аскарова Гульсум Клышбековна
Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Міндеттері: кафедраның жалпы міндеті пән ретінде дерматовенерология оқыту болып табылады, оның түпкі нәтижесі: дерматовенеролог- дәрігер лауазымында жұмыс істеу үшін қажетті дерматовенерология саласындағы кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын меңгеру, жетілдіру және жүйелеу болып табылады.
Қызметі:
- тері және бастың шашты бөлігіндегі аурулар бойынша білім алу және жетілдіру;
- венерологиялық аурулар және жыныстық жолмен берілетін аурулар бойынша білім алу және жетілдіру;
- дерматовенеролог жұмысында пайдаланылатын сабақтас пәндер бойынша білім мен дағдыларды алу және жетілдіру;
- терінің және бастың шашты бөлігінің патологиясы бар науқастарды зерттеу әдістерін алу және жетілдіру;
- венерологиялық аурулар және жыныстық жолмен берілетін аурулар бар науқастарды зерттеу әдістерін алу және жетілдіру;
- тері және венерологиялық ауруларды емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін білу және жетілдіру;
- дерматовенеролог дәрігердің құжаттама жүргізу саласында білім алуы және оны жетілдіру;
- халықтың арасында санитарлық-профилактикалық білімді насихаттау әдістемесін жетілдіру.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл. адресі |
1 |
Кафедра меңгеруші |
Аскарова Гульсум Клышбековна |
gkaskarova@ mail.ru |
2 |
Доцент |
Сатвалдиева Адия Давитовна |
|
3 |
Ассистент |
Амрина Лейла |
|
4 |
Алимбаева Раушан Мухамеджановна |
rmalimbaewa@ mail.ru |
Кафедраның тарихы:
Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының дерматовенерология кафедрасы 1963 жылы құрылған.
25 жыл бойы кафедраны м. ғ. д, профессор Мартынова Александра Ильинична басқарды.
Содан кейін 12 жыл ішінде, кафедраны доцент Ахметова Клара Халелловна басқарды.
2000 - 2001 жылдар аралығында кафедраға м. ғ. д. Есенгараева Зейнеп Батылханқызы жетекшілік етті.
2001 - 2009 жылға дейін кафедраны м. ғ. к. Мақашев Тимур Кәрімұлы басқарды.
2009-2011 жылдар бойы кафедраға м. ғ. д Мырзахметов Ержан Исатайұлы жетекшілік етті.
2011 жылы кафедра дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы деп аталды.
2011 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор, Асқарова Гүлсім Қылышпекқызы тағайындалды.
2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап аллергология және иммунология курсы дерматовенерология кафедрасына қосылып, "Дерматовенерология" кафедрасы деп аталды, кейін кафедра атауы "Дерматовенерология, аллергология және иммунология" деп қайта аталды.
2017 жылдың 5 ақпанынан бастап "Аллергология және иммунология" жеке курс болып бөлінуіне байланысты және "Дерматовенерология" пәніне "Дерматокосметология" таңдау бойынша компоненттің қосылуына орай кафедра атауы жаңадан - "Аллергология және иммунология курсымен дерматовенерология, дерматокосметология кафедрасы" болып қайта аталды.
2019 жылдың 15 ақпанынан бастап кафедра: "Аллергология және клиникалық иммунология курсымен дерматовенерология және дерматокосметология " болып аталды.
Кафедраның клиникалық базасы:
№ |
Клиникалық база |
Мекен-жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
ШЖҚ «Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК, стационар |
Алматы қ., Көк төбе п., Роза Бағланова көшесі, 69а |
87272613707 |
2 |
ШЖҚ «Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК, стационар |
Алматы қ., Көк төбе п., Роза Бағланова көшесі, 69а |
87272613707 |
3 |
«Promoitalia» клиникасы |
Алматы қ., Самал-2 ы/а, 63-үй |
87272438372 |