Байсултанова Аяш Шарипкановна
Геронтология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к.
Міндеттері:
- ҚР жағдайында медициналық геронтология құзыреттілігін қалыптастыру;
- қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін геронтология мәселелері бойынша дәрігерлерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді оқыту;
- азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік бағдарламасын құру және іске асыру;
- Қазақстанда және әлемде геронтология саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтардан хабардар болу деңгейін арттыру;
- әр адамның өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау және нақты пәрменді көмек көрсету;
- салауатты өмір салтын оқыту арқылы білім беру курсының бағдарламасын әзірлеу;
- алыс және жақын шет елден геронтология бойынша жетекші мамандарды тарта отырып, тренингтер, шеберлік сағаттарын, семинарлар өткізу.
Қызметі:
- Қазақстан халқының жас мөлшері құрылымының қазіргі жай-күйі республика халқының қартаю шегі 7,7 пайыздан асқанын, бұл халықтың жас балансында жағымсыз үрдістердің пайда болғанын дәлелдейді. ҚР Статистика агенттігінің қолда бар болжамдарына қарағанда, қарт адамдардың үлесі 2030 жылға қарай 12 пайызға дейін және одан жоғары, ал 2050 жылға қарай 14,7–15 пайызға өсуі мүмкін. Қоғамның қартаюы көптеген әлеуметтік-экономикалық, медициналық және моральдық-этикалық мәселелердің дамуына ықпал етеді және денсаулық сақтауда құрылымдық қайта құруларды талап етеді.
- ҚазМҮББУ геронтология кафедрасы одан әрі тұрғындардың белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қызметті үйлестіру үшін қажетті коммуникативтік, ақпараттық, білім беру, ғылыми функцияларды орындауға мүмкіндік беретін біліктілікті артрыру және қайта даярлау бойынша үздіксіз семинарлар, курстар өткізуді жоспарлап отыр.
Штат:
№ |
Лауазымы |
Аты-жөні |
Эл.адресі |
1 |
Кафедра меңгеруші |
Байсултанова Аяш Шарипкановна |
|
2 |
Доцент |
Турсунмуратова Бахытгуль Ескендировна |
|
3 |
Ассистент |
Разиева Дилярам Сраждиновна |
|
4 |
Нурзакова Мольдир Толепалдиевна |
Кафедраның тарихы: Қазақстан Республикасында алғаш рет АМДБЖИ қабырғасында 2010 жылы геронтология курсы, ал 2011 жылы Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен кафедра ұйымдастырылды.
Кафедра қызметкерлері тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде және шет елдерде геронтология мәселесі бойынша сарапшылар болып табылады. Кафедра меңгерушісі А.Ш. Байсултанова жұмыс тобына қатысты және ДДҰ-ның "Қартаю және денсаулық мәселелері бойынша жаһандық стратегия мен іс-қимыл жоспары" бағдарламаны әзірлеуде спикер болды, Женева (Швейцария-2015ж).
Кафедраның клиникалық базалары:
№ |
Қлиникалық база |
Мекен-жайы |
Жұмыс телефоны |
1 |
Городская больница сестринского ухода |
микрорайон Коктем з д.11 |
87273945150 |
2 |
Военный клинический госпиталь министерства обороны РК |
ул. Красногорская 2 |
87272902101 |