Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн. 1009, 1087)

АО "КазМУНО"

Показать на карте

Ультрадыбыстық диагностика кафедрасы

Имамбетова Айман Сергазиевна

Ультрадыбыстық диагностика кафедрасының меңгерушісі

Міндеттері:

- оқытудың сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;

- дәрістер, семинарлық сабақтарды өткізудің ғылыми және әдістемелік деңгейін арттыру;

- кафедрада оқытылатын пәндердің жұмыс бағдарламалары мен электрондық оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу;

- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оларды ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысуға тарту;

- оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

- ғылыми-зерттеу жұмысы.

Қызметі:

- медицинадағы бастапқы қайта даярлау цикл тыңдаушыларын, ҚазМҮББУ резиденттері мен бакалаврларын ультрадыбыстық диагностика дағдыларына оқыту және үйрету;

- медицинадағы біліктілікті арттыру циклдерінің, соның ішінде таяу шетелден келген тыңдаушыларға ультрадыбыстық диагностика саласындағы өзекті аспектілерді және инновациялық технологияларды оқыту;

- практикалық денсаулық сақтауға көмек көрсетуді қамтамасыз ету (Алматы қ. клиникалық базаларда ұйымдастырушылық-әдістемелік және емдеу-диагностикалық);

- медицинадағы ультрадыбыстық диагностика саласында нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Штат:

Лауазымы

Аты-жөні

Эл. адресі

1

Кафедра меңгеруші

Имамбетова Айман Серғазықызы

aiman.imambetova@mail.ru

2

Ассистент

Алимухамбетова Дина Кеуденбайқызы

dina.uzi.58@mail.ru

3

Арыспаев Бақыт Есенгелдіұлы

arys-bahyt@mail.ru

Кафедраның тарихы:

Кафедра тарихы АМДБЖИ рентгенология кафедрасының құрамында болған 1988 жылдан басталады, профессор С.Т. Тусупбекованың басшылығымен клиникалық тәжірибеде эхографияны қолдану негіздерімен тыңдаушыларды базалық оқыту басталған болатын.

Дербес бірлік ретінде АМДБЖИ ультрадыбыстық және функционалдық диагностика кафедрасының негізі 2004 жылы қаланды. Кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Нигай Н.Г. (2004-2009жж) болды. 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін кафедраның меңгерушісі, м.ғ.д. Б.У.Наурызбаева болды. 2019 жылдан бастап функционалдық диагностика курсымен ультрадыбыстық диагностика кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к. А.С. Имамбетова болды.

Кафедра қызметкерлері – бұл бірінші кезекте, медицинаның түрлі салаларында ультрадыбыстық және функционалдық диагностика әдістерін меңгерген жоғары білікті клиницистер.

Кафедраның клиникалық базасы:

Клиникалық  база

                Мекен-жайы

Жұмыс телефоны

1

ОҚКА

Жандосов көшесі 6

87273952414

2

№7 ҚКА

Алматы қ., Қалқаман ы/а, Аспандияров көшесі 78

87272280777

3

№1 ҚБЖАА

Байзақов көшесі 299 А

87273948820

4

ҚР ДСМ ПжБХҰО

әл-Фараби даңғылы 146

87272991306

5

ҚазОРҒЗИ

Абай даңғылы 91

87272929063

6

ҚАҰӨО

Жібек жолы даңғылы 124

87272790212

7

№5 ҚКА

Достық даңғылы 220

87273907610

 

link link link