Карантин тәртібіндегі студенттік өмір
Карантин тәртібіндегі студенттік өмір
Қазіргі уақытта «ҚазМҮББУ»акционерлік қоғамының жатақханасында 169 білім алушы тұрады, олар шетелдік студенттер, резидент-дәрігерлер, магистранттар, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметкерлері. Университет жатақханасында тұратындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Жатақхана 700-ден астам орынға есептелген; барлық бөлмелер өзінің санитарлық бөлмелері бар ыңғайлы және жинақы секцияларға біріктірілген. Әр қабатта тамақ дайындауға арналған тұрмыстық бөлме бар, сондай-ақ асхана жұмыс істейді.
Барлық білім алушылар оқыту платформаларына қосылуға және өз бөлмелерінде қалып, белсенді оқуға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Карантин ережелерін ескере отырып, білім алушыларға яғни 2 метрден кем емес аралықты сақтай отырып, тұрақты жинау жұмыстары және кварцтау қарастырылған өз бетінше дайындалуға арналған бөлме жұмыс істейді.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бөлмелерді, дәліздерді, холлдарды 4-5 рет жинау мен дезинфекциялау қамтамасыз етіледі. Әр қабатта антисептикалық құралдар, санитайзерлер орналасқан, университет мәселен костюмдер, маскалар, қолғаптар сияқты жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеді.
Университеттің медицина қызметкерлері мен жатақхана қызметкерлері күн сайын тұрғындарды аралап, денсаулық жағдайын біліп, температураларын өлшейді. Сондай-ақ жатақханада тұратын резидент-дәрігерлер түнгі уақытта ерікті кезекшілікті жүзеге асырады. Егер білім алушылардың біреуінде денсаулықпен байланысты мәселелер туындаса, дәрігер-резиденттер алғашқы тексеру жүргізеді. Қажет болған жағдайда инфекция белгілері бар науқасты осы үшін арнайы көзделген оқшаулау нөмірлерінде оқшаулайды және жедел медициналық көмек шақырады. Сондай-ақ біздің оқытушы-клиницистердің күшімен қашықтан кеңес беру жолға қойылған.
Стресстік жағдайлардың алдын алу үшін университет өз білім алушыларын интернет ресурстары туралы хабардар етеді, онда өзінің физикалық денсаулығын сақтау, өзін-өзі дамыту туралы көптеген пайдалы ақпарат табуға болады. Ол үшін ЖОО сайтында «ой-өрісін кеңейтеміз: пайдалы ақпарат» айдары құрылды. Онлайн акциялар әзірленеді, мысалы, #медициналық қызметкерлерді қолдау#, #мен үйде оқып жатырмын#. Барлық материалдар ЖОО сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Университет коронавирустық инфекциямен күреске қаланы, елді қолдауға белсене қатысатынын атап өту қажет. Қазіргі уақытта университетте Алматы қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне тегін негізде жатақханада тұру үшін орындар берілді. Белгілі болғандай карантин енгізілген сәттен бастап басқа қалалардан келген медицина ұйымдарының қызметкерлері тұрғын үй мәселесіне тап болды, бір жағынан халыққа жұмыс істеуді жалғастыру және көмек көрсету қажеттілігі болды, екінші жағынан - қала шекарасын жабу адамдардың жүріп-тұруына және өмір сүруіне байланысты белгілі бір қиындықтар туғызды. Университет қаланың медициналық мекемелерінен келген әріптестеріне жатақханада тұруға ұсыныс жасады. Қазір жатақханада қаланың әр түрлі клиникаларынан 100-ден астам адам тұрады.
Бұл қиын уақытта біз бір-бірімізге шоғырланып, көмектесуіміз керек! Университет қызметкерлері, әкімшілік, оқытушылар, білім алушылар әрдайым жақсы істерге қолдау көрсетуге дайын! Biz birgemiz!