Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн.1065)

АО "КазМУНО"

"Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" АҚ келесі кафедралар меңгерушілерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды:


"Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" АҚ  келесі кафедралар меңгерушілерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
1.    Ангио- және эндоваскулярлық хирургия кафедрасы/Неонатология кафедрасы
2.    Балалар және хирургиялық стоматология кафедрасы/Неврология кафедрасы
3.    Медициналық білім беру және педагогика менеджменті кафедрасы
4.    Фармацевтикалық пәндер кафедрасы
5.    Дене шынықтыру кафедрасы
Қойылатын талаптар:
-    тиісті мамандығы бойынша ғылыми дәрежесінің/атағының болуы;
-    еңбек өтілі: 3 жыл – педагогикалық өтілі, 5 жыл –клиникалық өтілі (клиникалық кафедралар үшін)
-    соңғы 5 жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы;
-    жоғары біліктілік санатының болуы (клиникалық кафедралар);
-    кафедраның стратегиялық даму жоспарының болуы;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар университет ректорының атына мынадай құжаттарды өткізеді:
1 - университет ректорының атына өтініш;
2 – мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;
3 – өмірбаян-түйіндеме;
4 - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдар көшірмелері, ғылыми және/немесе академиялық атағы туралы құжаттар және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
5 - белгіленген тәртіппен куәландырылған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі;
6 – соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
7 - қайта даярлаудан өткені және біліктілігін (болған кезде)  арттырғаны туралы сертификаттардың көшірмелері және  салыстыру үшін түпнұсқалары;
8 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген № 086 медициналық анықтама;
9 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитеттің тұлғаның  қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны туралы мәліметтерді есепке алу бойынша құқықбұзушылықтың  болуы не болмауы туралы беретін анықтамасы;
10 – міндетті талаптарды растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер хабарландыру жарияланған  сәттен бастап бір ай ішінде ( (2019 ж. 1 қараша-1 желтоқсан дейін) төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
Алматы қ., Манас көшесі, 34, каб. 206
link link link