Қабылдау ережелері
Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
АО "КазМУНО"
8:30 - 17:30
+7 (727) 346-87-87 (вн.1065)

АО "КазМУНО"

Қабылдау ережелері

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыру (Медицина)» саласында жоғары білім берудің төмендегідей білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлер қабылдайды:

БАКАЛАВРИАТ

  • медицина;

  • стоматология:

  • фармация;

  • қоғамдық денсаулық сақтау;

  • педиатрия;

  • мейірбике ісі;

Түсетін үміткерлерді қабылдау үшін төмендегі құжаттар тізбесі ұсынылады:

  •  жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • 3 x 4сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

  • медициналық анықтама (ф-086-у) ;

  • ҰБТсертификаты (65 баллдан кем емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша, билогия және химия кемінде 5 балл болуы қажет);

  • арнаулы емтихан бағасының көшірмесі

  • білім беру грантын тағайындау туралы куәлік

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы 10 маусымнан бастап жұмыс істейді.

Күнтізбелік жылдың 20 маусымнан 7 шілдеге дейін арнаулы емтихан тапсыруға өтініш қабылданады. Арнаулы емтихан жүргізіледі күнтізбелік жылдың 8 шілдесінен 13 шілдеге дейін. Арнаулы емтиханға «жіберілді» және «жіберілмеді» деп бағаланады.

Күнтізбелік жылдың 10 тамызынан 25 тамызға дейін студенттер санына қабылдау жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдаудыЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

ҚазМҮББУ-не белгіленген шекті балды жинамаған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар күндізгі оқу бөліміне ақылы қабылданады. 1 академиялық кезең аяқталғаннан кейін ҰБТ-ны қайтадан тапсырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.

Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

    

Қабылдау комиссиясы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 34

Тел.: +7(727)346-74-34

Электронды почта: kazmuno2019@mail.ru

 

 

 

link link link