Ел болашағы – дарынды жастар

2019 жылы 6-7 сәуірде Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ұйымдастырылған «Жастар жылы» мен ОҚМА-ның 40 жылдық мерейтойына орай «Ел болашағы – дарынды жастар» тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турниріне Жастар саяси уәкілінің жетекшісі, Тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі С.Қ.Суатайдың жетекшілігімен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің студенттеріне құрылған дебат клубы қатысып қайтты. 

Осы республикалық пікірсайысқа 23 ЖОО 46 команда бақ сынасты. 46 команда қатысқан турнирден университетіміздің  командасы топ жарып ең мықты деген 8-ке кіріп, жартылай  финалда өнер көрсетті.

Жарысқа қатысу арқылы студенттердің үлкен тәжірибе жинақтағанын ескере отырып, осы сайысқа белсенді ат салысқан унверситет студенттері Берекелі Нұрсұлтан, Боранбаева Айдана, Баян Дәурен, Мәкенбай Қуат, Ниетбай Рауанға алғысымызды білдіріп, алдағы уақыттарда да шығармашылық табыстар тілейміз!